Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тамара Асар өзін көтерем қойға теңеді

469

Өзінің бойының қысқалығы мен салмағының аз екенін айтып желідегі парақшасында жазба қалдырған Тамара Асар енді ғана үлкен адамдардың қатарына қосылдым дейді. Әнші көтерем қой секілді арық әрі бойы кішкентай болып жүрген кездері туралы айтып берді. Бір қызығы суретке түскенде ұзын бойлы болып көрінетініміз де бар деп күлді ол.

“Менің бойым орысша айтқанда “метр с кепкой”. Салмағым 45 келіге енді көтерілді. Інім екеуіміз көтерем қойдың күнін үндемей кешіп жүрген жайымыз бар еді. Әйтеуір құдай сақтап, екеуіміздің де дене бітіміздің пропорциясынан жаратқан жаңылмай, қысқа бойға басымызды дәу, қолымызды ұзын, аяғымызды қысқа қылмай, шақтастырып қана бере салыпты. Соның арқасында фотоларда ұзын адам сияқты болып көрінеміз. Соған мәзбіз”, – дейді Тамара Асар.

Осыған дейін балалар дүкенінен киінетін Тамара Асар осылайша құпиясымен бөлісті. Өзінің кішкентай өлшемді киім киетініне ұялатын әнші киімдердің балаларға арналған деп жазылып тұратын қағазын қиып тастап жүргенін де айтты. Сонымен қатар, балалар киімін киетін оқырмандарын да түгендеуді ұмытпады ол.

“Біраз салмақ қосып “көтерем қойдың” қатарынан шығып, адам болып ересектердің өлшем бірлігіне жеткен жайым бар. Осы орайдағы бүгінге дейін ұялып келген құпиям қатты қысылғанда, үйге киетін, спортқа киетін шұрым-бұрым киімдерді этикеткасын қиып тастап, балалар дүкенінен сатып ала беретінмін. Тимурды білмеймін өзімді айтамын да. Енді ересектер қатарына қосылып жатырмын десем ба? Араларыңызда “детский киім” киген немесе киетіндер бар ма екен?” – дейді Тамара Асар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз