Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

Талдықорғанда ит талаған жеті жасар бала ауруханада көз жұмды

178

Оқиғаны Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасына науқас 6 қараша күні кешкі сағат бестерде түскен. 2011 жыл туған бала өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ол 7 қараша күні сағат 13:35-те қайтыс болды. Оны ит қапқан.

Баланың бас терісі, беті, мойыны, сол жақ иығы, сол жақ аяғы қатты жарақатталған. Бала ауыр травматикалық шок алған», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де аталған фактіні растап, осы факті бойынша сот-алды тергеу басталғанын жеткізді.

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Денсаулық басқармасы жедел жәрдемнің кеш барғанын растады

«Баланың өліміне байланысты сот алды тергеу ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Иттің иесі анықталды. Ол арнайы қолхатпен жіберілді.

Тергеу облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауында», – деді аталған ведомстваның өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз