Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Талдықорғанда анасын өлтірген жасөспірім психиатриялық ауруханаға жіберілді

843

Ол Алматы облысындағы Талғар ауданының Ақтас ауылындағы жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханаға жіберілді.

Айта кету керек, Әлішер Кәрімге ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2- бөлігі 3-тармағы бойынша айып тағылған. Кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімнің ісі Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Анасын өлтірген бала іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасауына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Сот қаулысына сәйкес, Әлішер Кәрімге мамандандырылған үлгідегі психиатриалық стационарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу түріндегі шарасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға биыл наурыз айында болған еді. Ол кезде Әлішер 11 сыныпта оқып жүрген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз