Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Іле ауданына әкім болды

Ауданды осы уақытқа дейін басқарып келген Қыдыркелді Медеуов зейнет жасына жеткендіктен, қызметінен босатылды.

Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы 1964 жылы дүниеге келген. Алматы темір жол көлігі институтында «инженер-механик», Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «мемлекеттік басқару бакалавры» мамандығын меңгеріп шыққан.

Алғашқы еңбек жолын Талдықорған облысы, Андреев ауданында кәсіби-техникалық училищеде мұғалім болып бастаған. Әр жылдарда осы оқу орны директорының орынбасары, директоры, «Алакөл-Агро» және «Қайыңды» ЖШС директоры,

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, Алакөл ауданы әкімі, Алматы облысы әкімінің аппарат жетекшісі және ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет еткен. 2015 жылдан 2018 жылдың мамыр айына дейін Талдықорған қаласының әкімі болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз