Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды

357
Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаев. © Tengrinews.kz коллажы

Алматыда көлігінде доллар мен травмат қаруын алып жүрген жүргізуші ұсталған соң Алматы облысында тексеріс басталды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары полицей тоқтатқан көліктің жүксалғышынан табылған 007 TTD 02 және 055 TTD 05 нөміріне назар аударды. Олар алматылық полицейлер ұстаған ер адамның Талдықорған әкімінің туыстарымен байланысы бар-жоғын анықтағысы келді.

Қару-жарақ, бума-бума доллар мен стробоскоптар: Алматыда күмәнді жүргізуші тоқтатылды

Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.

“Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта ол мәліметті жоққа шығарып немесе растай алмаймыз. Тексеріс қорытындысы бойынша бөлек мәлімдеме жасаймыз”, – деді әкімдіктегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз