Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Талдықорғанда журналист келіншек 42 адамды алдап, 200 млн теңгені қалтаға басқан

Қазіргі уақытта шығын көлемі 200 млн теңгеге жеткен. Бұл туралы Алматы облысы ішкі істер департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Айта кетейік, Алматы облысы ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері 2016 жылдың тамызында 30 жастағы әйелді тұтқындады. Ол Талдықорған қаласының тұрғыны – Дина Ысқақова.

Талдықорған әкімінің баспасөз қызметінде Дина Ысқақова «Кемеңгер» республикалық журналының бас редакторы қызметін атқарғандығын айтты. Басылымның редакциясы Талдықорған қаласында орналасқан. Тұтқындалған уақытта қандай қызмет атқарғаны белгісіз.

Бұған дейін полиция қызметкерлері «күдікті 2015 жылдың қаңтарынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін 100 миллионнан астам теңге шығын келтірді» деген ақпаратты ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде орналастырды.

«Телеарна және әлеуметтік желілерге 26-қазаннан бастап хабарландыру жарияланды. Сол күннен бастап Алматы облысы ішкі істер департаментіне зардап шеккен 12 тұрғын шағым жазды. Қазіргі есеп бойынша, күдікті 200 миллион теңге шығын келтірген», – деп хабарлады облыстық полицияда.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармақшасына сәйкес, алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы ішкі істер басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр және істі бақылауға алды.

Тұтқындалған әйелдің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз