Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Талғат Ермегияевқа сот үкімі 9 маусым күні шығатын болды

Естеріңізге салайық, 3 маусым күні Талғат Ермегияев соттағы соңғы сөзін айтқан болатын. Ол өзінің кінәсіз екенін, тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтін құжаттардың бар екенін, бірақ, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін оларды жарыққа шығармайтынын да айтқан.

Талғат Ермегияевқа “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясына тиесілі 10,2 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Күдіктінің өзі бұл айыптармен келіспесе де прокурорлар оның қаражатты талан-таражға салғанына сенімді және 14 жыл бас бостандығынан айыру керек деп есептейді.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз