Алматыдағы автобекеттерді жалға алатын кәсіпкерлер жынданып кете жаздап жүр. Заңсыз таксистерден келген шығындары миллиондап саналады.
https://kaz.365info.kz/sorly-khazakhtyn-birisin-zhezoksheden-soz-estigen-taksist-294026
Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасы хабарлайды.
«Алматының автобекеттері кәсіпкерлер палатасына шағым түсірді. Әсіресе жазғы демалыс алдында дабыл қағып, жанайқайын жеткізді. Олардың бұл шағымы кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте қаралатын болады»,
Халықаралық, қалааралық және қала маңындағы елдімекендерге жолаушы тасымалдау мақсатында Жолаушылар көлігі және автокөлік тасымалы басқармасы жыл сайын тендер өткізіп, тасымалдаушыларды анықтайды екен. Тендерге сай, тасымалдаушылардың лицензиясы, білікті персоналы, қаржылық кепілдіктері, өндірістік базасы, жүргізушілерді медициналық бақылау жүйесі, т.б болуы керек.
Алайда лицензиясы жоқ жабайы таксистер кәдімгідей конкурент болып, заңды кәсіпкерлерлердің заңды нанын тартып алып жүр деседі.
Ол таксистер көбіне көп «Автомобиль көлігі туралы» және Автокөлікпен жолаушылар мен жүк тасымалдау Ережесіне сай емес.
https://kaz.365info.kz/k-jeui-taksist-bolmasyn-247006