Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Тағы сол, бензин…”. Бас банкир 2018 жылы экономикаға кері әсер ететін факторларды атады

Бұл туралы еліміздің бас банкирі “Деловой Казахстан” басылымына берген сұқбатында айтты.

Ішкі тәуекелдерді сарапқа салған Данияр Ақышев бензиннің, азық-түлік бағасының тұрақсыз болатынын айтады.

Соған қарағанда биылғы бензиннің жыры келесі жылы тура солай қайталанатын секілді. Тапшылық, баға өсімі…

“…Жекелеген кейбір тауар мен қызмет көрсету нарықтарында, негізінен, азық-түлік пен жанар-жағармайға қатысты келеңсіз жағдайлар қайталануы мүмкін. Соған байланысты адамдар мен бизнес инфляция күшейетінін сезіп, ол валютаның айырбас бағасындағы күрт өзгеріске ықпал етуі ықтимал. Егер осы қауіп-қатер орын алса, онда экономикада инфляцияның күш алуы заңды болады. Ондай жағдайда ақша айырбас бағамының дәліздегі шекті көлемін өзгертуге де тура келуі мүмкін”, – дейді Ақышев.

Оның пікірінше,

сыртқы және ішкі келеңсіз жағдайларға деген елдің реакциясы ел экономикасының қарқынын бәсеңдетіп, аяққа тұсау болады.

https://kaz.365info.kz/ai-92-benzini-125-tengeden-140-tengege-dejin-khalaj-osti-khanat-bozymbaev-otirikshi-me-250649

“Біз бұл қауіп-қатерлерді бақылап, оның алдын алуға тырысамыз. Ал алдында қамданып үлгермесек, кейіннен не істейміз? Оның да жоспарын құрып қоюды жөн көріп отырмыз. Өйткені бізге еліміздегі макроэкономикалық ахуалдың тұрақты болғаны пайдалы.

Ол үшін Ұлттық банк шетелдік валютаға деген сұраныс пен ұсыныстың негізінде құралатын теңгенің айырбас бағамының құбылмалы режимін қадағалайтын болады.

Теңгенің негізгі бағамын фундаментальды факторлар айқындатын болады. Олар – халықаралық нарықтағы мұнай бағасы, еліміздің валюта саудасына қатысатын әріптестер, еліміздің төлем балансының көрсеткіші, инфляция деңгейі және әлемдік проценттік ставкалар”, – дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

https://kaz.365info.kz/bozymbaevtiki-bylzhyrakh-deputat-ministrdin-benzinge-khatysty-otirigin-ashty-254378

ҚР Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2018 жылы мұнайдың бір баррелі 50 доллар болады, ал еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 2,8 процентті құрауы тиіс.

“Сыртқы саудаға жағдай жасалып, оның шарттары оңтайландырылады, сол секілді Қазақстанмен сауда-саттық әріптес елдер тарапынан сұраныс артады “, – дейді Ақышев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз