Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тағы да шақалақ далаға тасталды. Бұл жолы оңтүстікте

Баланың жағдайы жайлы мәлімет жоқ, себебі кезекші дәрігер Нұрсұлу Кенжебекова пікір білдіруден бас тартып, журналистерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне жіберген.

“Түстен кейін төртке 15 минут қалғанда табылды. Көршілер “мұнда келіңіздер, бала табылды” деді. Барып көрдік, бала осы ала дорбада жатқан. Олар күшік тауып алдық деп ойлапты, сөйтсек бала болып шықты. Уақыты жетіп туған, сап-сау бала. Бірақ кірлеп кеткен. Аяқтары көгеріп кетіпті, уқаладым, аяп кеттім. Олар милицияға хабарласып жатты, мен ауруханаға хабарласайық дедім. Олар келіп, баланы алып кетті”, – деп айтып берді Гүлмира Серікбаева.

Еске сала кетелік, бірер күн бұрын Қостанай облысында туған күйінде жалаңаштай емхана жанында тас жерге тасталған нәресте табылған еді. Күн қара суық, оның үстіне ол кезде жаңбыр жауып тұрған. Қыз баланың жағдайы қазір өте ауыр, арнайы аппаратқа қосылған құрылғы ішінде жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз