Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тағы да 12 отбасы оңтүстіктен теріскейге көшіп барды

Бұл туралы Достық үйінде өткен облыстық қоғамдық кеңес отырысы кезінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов мәлім етті деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«Біздің облысқа жұмыс істеу мақсатында қоныс аударуға ниет білдірген оралмандарға 100 отбасы (500 адам) және өзге облыстардан келушілерге 50 отбасы (250 адам) көлемінде квота берілген. Осы күнге дейін Павлодар облысына Оңтүстік Қазақстаннан 12 отбасы және 15 оралман отбасы қоныс аударды, – дейді Балтабай Қаппасов.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірімізде түрлі мамандық саласында 35 мың бос жұмыс орын бар. Оның 1 055-і – ауылдық жерлерде. Дегенмен аймақта 20 мың адам жұмыссыздар ретінде тізімге алынған. Бұл – үш жылдан бері тұрақты сақталып келе жатқан көрсеткіш. Жалпы, 31 кәсіп түрі бойынша мамандар тапшы.

Еске сала кетейік, жуырда Шымкент қаласында өткен бизнес форум нәтижесінде

Оңтүстік Қазақстан облысынан 110 адам Павлодар облысының 10 ауданына қоныс аударуға ниет білдірген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз