Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Тағы 30 мың шаршыға кеңейттік…”. ЭКСПО ғимараттарын кімдер пайдаланатыны белгілі болды

Оның айтуынша,

бұл павильонды қайта жөндеу құрылысына 118 адам тартылған, ал жалпы бұл іспен шамамен 800 адам айналысуда.

ЭКСПО территориясында бұдан бөлек “Астана” халықаралық қаржы орталығының ғимараты орналасады. Ол көрме кезіндегі халықаралық павильондар алаңынан бой көтереді. Онда да қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысанды өткізу уақыты 2018 жылдың 1-желтоқсаны деп белгіленген. Ал 2019 жылы халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері бұл ғимаратқа емін-еркін кіріп, өз жұмысымен алаңсыз айналысатын болады.

“Мұнда сот, әкімшілік, қор биржасы, сауат ашу кеңсесі болады. Ал С2 павильонында кеңсе орталығы болады, онда халықаралық қаржы орталығының әріптес компаниялары орналаспақ. Шынын айтсақ, нысандарды қайта жобалап, құрылысын бастап кеткенімізбен, халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері қазірден біздің, яғни ұлттық компанияның ЭКСПО территориясында орналасқан кеңселерінде жұмыс істеп жатыр”, – дейді ол.

Ұлттық компания басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша,

қайта жаңғыртудан соң ЭКСПО көрмесінің алаңы 30 мың шаршы метрге кеңейген.

“Мысалы үшін қосымша қабаттар көтіріліп жатыр ғой. ЭКСПО құрылысы кезінде көрмеден кейін де нысандарды пайдалану жағы алдын ала ойластырылып, іргетасты қалағанда нысанды биіктету жағының да есептері бәрі қарастырылған. Яғни, қосымша салмақ болатынын алдын ала ойластырылған, сондықтан бұл жағына көп алаңдаудың қажеті жоқ”, – дейді ол.

Владимир Лютов өз сұқбатында ЭСКПО құрылысы үшін ұлттық компанияға мемлекеттік бюджеттен бөлінген ақшаны қайта кері қайтару мәселесінің қалай шешіліп жатқанын да баяндап берді. Оның айтуынша, басты павильон “Нұр Әлем” үлкен рөл атқаруда.

“Демалыс күндері мұнда 2 мыңнан аса адам келеді, көбіне оқушылар қыдырып келеді, бұл арада білім беру жағынан арнайы бағдарламалар жүргізіледі. Одан бөлек ЭКСПО ғимараттарын жалға беруден түсетін ақша да қарызымызды жабады. Мысалы, мұндағы алаңның жалға берудегі бір шаршы метрі 6 700 теңгеге бағалануда”, – деді Лютов.

ЭКСПО көптеген отандық фирмалар мен компанияларға кәдімгідей табыс әкелді. Бүгіндері де сол компаниялармен әріптестік ары қарай жалғасуда екен.

“ЭКСПО көрмесі ғимаратының құрылысында Қазақстанда құрастырылған жеделсатылар пайдаланылды. Темір-терсектен бөлек құрылыс заттары, кірпшітер – бәрі Қазақстанда жасалғанын тұтынуды қадағаладық”, – дейді ол.

ЭКСПО территориясында қайта жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанына қарамастан оның бір бөлігі жұмыс істеп, өз функциясын қалтқысыз атқаруда. Мәселен,

Астана күніне орай ЭКСПО территориясынан қала тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін саябақ ашылмақ.

“Құрылыс қарқынды жүріп жатыр мұнда қазір. Қала күніне орай қоршаулар алынып, жасыл желекті алаңқайларға жол ашылады. Субұрқақ іске қосылып, отшашу шашылады. Shell және Cirque du Soleil павильондарының орнында демалатын саябақ ашылады. Онда балалар ойнайтын алаңқай да болады. Осында орналасқан кафе, мейрамхана, киоскілер қайта жұмыс істейді. Саябаққа кіру тегін, тек көрмеге кіру ақылы болады “, – дейді Владимир Лютов.

Одан бөлек жаз бойына бұл маңда жоспарланған мәдени-көңіл-көтеру бағдарламалары көп көрінеді. Сахна қайтадан ашылып, концерттер өткізуге берілетін болады.

Еске сала кетелік, «ЭКСПО» көрмесіндегі Энергия холл ғимаратында жаңа сатира және әзіл театры ашылған еді. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев оның Елбасының тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған, бұл театрды Тұрсынбек Қабатов басқаратынын айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз