Бүгіндері Интернетте көп көріліп жатқан видеоның бірі – қалыңдықтың некелесу кезінде серт беру дәстүрі.
Оның қай елде орын алғаны белгісіз. Видеодан байқағанымыздай, АҚШ сияқты. Некелесу кезінде қалыңдық сертін оқып жатқанда АХАЖ қызметкері құсып жібереді. Бірақ қыз оған назар аудармай, өзінің сөзін жалғастыра беруге тырысады.
Әлеуметтік желіні қолданушылар АХАЖ қызметкері әйел болғандықтан, оның екіқабат болуы мүмкін екенін айтады, ал тағы бірі тойдан той көріп жүрген бұл келіншек ішімдікті жақсы ішетін сияқты деп жазыпты. Ал тағы бірі қалыңдық сөзінің ұзақтығын сынаған, ал бірі оның толықтығын мінейді.