Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА: «Елбасының бұл індеттен құлан таза айығып кетуіне тілектеспіз»

244
Сурет: Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі

« ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Аса іскерлігімен отыз жыл егемен елдің іргетасын қалап, дүниежүзіне елдің ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды биік халықаралық дәрежеге көтерді, —

делінген Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Facebook-тегі жазбасында. —

Елбасының отыз жылдық басқаруындағы сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстанда экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, әдеби, өнер, білім реформалары жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Әбішұлының болашақты болжай білетін көрегенділігі шығар, еліміз – бірлік пен келісімнің алтын қазығына айналып, көпұлтты мемлекет ретінде дамудың даңғыл сара жолына түсті.

Бүгін, Нұрсұлтан Әбішұлының коронавирус жұқтырғаны туралы белгілі болды. Алайда, Елбасының баспасөз қызметі Н.Ә. Назарбаевтың денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Дара тұлғаның есімі Қазақстан атымен тығыз байланысты. ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін»— деді. ҚР Президентінің бұл тілегіне қосыла отырып, «елі сүйген, елін сүйген Елбасының» бұл індеттен құлан таза айығып кетуіне тілектеспіз».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз