Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тәжікстан аста-төк той өткізуге қарсы күресіп жатыр

133

Салтанатты жиындарға қойылған шектеулердің ішінде дастарханға қойылған тағамдар да кіреді. Бастаманы ұсынушылардың ақпараты бойынша, ас беру мен үйлену тойларында жайылатын дастархандар бәсекеге айналып кеткен. Гиссар ауданындағы Жастар ұйымының жетекшісі Бахром дастарханға қойылатын тағамдардың арнайы тізімін жасағандарын айтады.

«Біз тек қана шығынды азайтуды ұсындық. Мысалы бір адамның жақыны қайтыс болса, ол адамның басында үлкен қайғы. Ол сол кезде дастархан жайын ойлап, үстел үстінде банан, ананас немесе өзге де тәтті жемістер тұруын қадағаламауы керек. Арзан азық-түлікпен дастархан жаюға болады. Қайғының үстіне, қарыз болып отыру кімге керек?»,-дейді ол.

Бахром соңғы уақытта үйлену тойларының аста-төк болып кеткені соншалықты, бір жиында кемінде 30 даяшы қызмет көрсетеді дейді. «Тойлар тек шығын шығару болып кетті. Әрбір қызын ұзатқан қожайын кемінде 5-6 мың доллар жұмсайды екен. Жас жұбайларға жиһаз сатып алу үшін 1500-1800 доллар жұмсайды. Біз қызының тойына ауыл адамдарының бәрін шақыру міндетті емес деп ұсыныс жасадық. Ұзату тойының орнына қалыңдық дос қыздарын шақырып, көңіл көтерсін. 15-20 адам шақырса болады», – дейді Бахром.

Мортепп қышлағының төрағасы Амруллои Исмат Озоди радиосына берген сұхбатында үнемдеудің бәрі экономикалық жағдайдың нашарларуына байланысты дейді. Әсіресе, Ресейде жұмыс істейтін тәжік мигранттарының ақша аудару көлемі бірден азайған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз