Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Түркиядағы терактіні Шешенстан азаматы ұйымдастырған ба?

Түрік билігінің өкілдеріне сілтеме жасаған Yeni safak басылымы “осы үш жанкешті Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары” деп хабарлайды. 

Бұл ақпаратты түріктің “Karar.com” ақпараттық агенттігі де растауда. “Терактіні 7 адам ұйымдастырған, ал орындаушылар  Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары” дейді агенттік тілшілері.  

Сонымен қатар, дәл осы басылым:

“террористік шабуылды Шешенстаннан шыққан Ахмед Чатаев ұйымдастырған” деп хабарлайды.

Чатаев 2013 жылы “Ислам мемлекетінің” қатарына қосылған екен.

Түріктің тағы бір басылымы Hurryiet-тің хабарлауынша, Стамбұлдағы терактіге қатысы бар жанкештілердің бірі Шешенстаннан шыққан Осман Вадинов.

“Вадинов Түркияға Сириядағы “Ислам мемлекетінің” содырлары жаулап алған Ракка қаласынан келген”, – деп жазады басылым тілшілері.

Өз кезегінде Ресейдің құқық қорғау органдары Осман Вадиновтың Шешенстан тұрғыны екенін жоққа шығарып отыр.  

Террорды ұйымдастырды деген тағы бір Шешенстан тұрғыны Ахмед Чатаевқа қатысты ресейлік құқық қорғау органдары былай дейді: 

– Чатаевты 2012 жылы грузин-ресей шекарасының маңында Грузия полициясы құрықтаған болатын. Ол жарылғыш заттарды сатып алғаны және сақтағаны үшін айыпталған.  

Грузияның Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасайды деп күтілуде. 

Өз кезегінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған:

“Рамазан айында шабуыл жасау, лаңкесшілердің Исламға еш қатысы жоқтығын көрсетеді”, – деді.

Ал жоғарыдағы мәліметтерге қатысты түрік билігі тарапынан әзір ресми мәлімдеме жасалған жоқ. 

Айта кетсек, жарылыстар халықаралық терминалдың алдында болды. Барлығы 42 адам қаза тапты. 200-ден аса адам жарақат алды. Құрбан болғандардың арасында Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания, Туниса, Иран, Өзбекстан және Украина азаматтары бар. 

577446f8c03c111668cd089d

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз