Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркия телеарналары Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетті

Бұл бастама халықаралық Түркі кеңесінің медиа ынтымақтастық жобасы аясында іске асырылып отыр деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.

Атап өту керек, еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктерін жан-жақты қамтыған бұл құнды туындыны тек Анадолы жұртшылығы ғана емес, телеарна хабар таратын Орта Азия, Қап, және Балтық елдерінің халқы да тамашалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ ұлық мерекеде қоғамдық саяси-сараптамалық Detay-13 бағдарламасы кезекті шығарылымын толық Қазақстанға арнады.

Студияға шақырылған қонақтар қазақ елінің халықаралық маңызы зор бастамаларына кеңінен тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан – түбі түркі халықтарының интеграциясына сүбелі үлес қосқан түркі әлемінің ең мәртебелі елі.

Абзал Сапарбекұлы, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары:

– Бұл бағдарламада бірінші кезекте Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде қол жеткен жетістіктері жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Елбасының дем беруімен құрылған Түркі кеңесі қазіргі таңдағы экономика, саясат, мәдениет және білім саласындағы жобалары талқыланды. Алдағы кезеңде де осы іспеттес жобалар жалғасын табады. Және де осындай бағдарламалар тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар бауырлас, дос мемлекеттеріміз Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінде бүгінгі күні көрсетіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз