Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркия Ресей санкцияларынан кейін туризмді құтқарудың жоспарын дайындады

o-TURQUIE-SYRIE-facebook-e1456291411723

Ахмет Даутоғлы

— Ресеймен дағдарыс және аймақтағы қиындықтар салдарынан біз туризм саласындағы қиындықтарға тап болдық, — деді Ахмет Даутоғлы. — Үкімет тоғыз тармақтан тұратын туризмді дамыту жоспарын дайындады. Үкімет туризмді қолдауға бағыттаған қаржы 255 түрік лирын құраған (шамамен $86 700 000).

Біз туризм саласы компанияларына несиелерді өтеу бойынша жалпы сомасы 288 миллион түрік лиры сомасындағы шегеріс беріп отырмыз. Шетел туристерінің әрбір авиарейсіне үкімет 1-сәуірден 31-мамырға дейін 6 мың доллар көлеміндегі дотация бөледі,

— деді Түркия премьер-министрі.

— Ешкім Түркияның жан-жағында қалыптасқан отты қақтығыстар салдарынан ел тек ішкі мәселелерді шешумен тұйықталады деп үміттенбесін. Керісінше, біз әлемге неғұрлым ашық бола түсеміз және әлемдік қауымдастықпен одан ары интеграцияланамыз. Елдер арасындағы қарым-қатынаста қиындықтар болса да туризм санкциялар нысанына айналмауы керек. Біз әлемде түріктерге қарсы насихат факторы бар екенін ескеріп отырмыз. Түркияға зиян тигізіп, өздері пайда көруді мақсат тұтқан сепаратистік және деструктивті құрылымдар дегеніне жетпейді. Ал Түркияның имиджін халықаралық қауымдастық алдында біздің елімізді жағымсыз қабылдау жағына бұрғысы келгендердің өзі халық пен уақыт алдында абыройан айырылады, — деп мәлімдеді Даутоғлы. —

Туркия — Сіздің үйіңіз. Сіз осындай қауіпсіз әрі тамаша елге алаңсыз келіп, осында демалысыңызды өткізіп, тарихи құндылықтармен және әсем табиғатпен тамсана аласыз

Біз сіздерге осы күнге дейін көрсеткен аңызға айналған қонақжайлылығымызды одан кейін де таныта аламыз.
Туризмді қолдайтын нақты шаралар

Министрлер кабинеті дайындаған жоспарға туризм саласына қаржылай қолдау көрсету шаралары да кіреді.

1-сәуірден 31-мамырға дейін Түркия жергілікті және шетелдік турагенттіктерге шетелдік туристердің әр ұшағына $6 мың доллардан төлейтін болады.
400 мың турист әкелген агенттіктерге республика несиелерді өтеу бойынша 100 миллион лир көлемінде қолдау көрсетеді.

Туристік нысандарға $750 мыңнан астам инвестиция құйған инвесторлар елеулі қаржылық жеңілдіктер беретін (бұрын $1 млн. астам құйған инвесторларға субсидия беретін) экспортер мәртебесін алу мүмкіндігіне ие болады.

Туристік нысандарды пайдаланудың жалақысы кейінге шегеріліп, төлемнің 3 кезеңіне бөлінеді.

uludag_4-e1456292196784

Улудаг тау шаңғысы курорты. Түркияның қысқы курорттары орыс туристерінсіз әдеттен тыс бос.

Өз сөзінің соңында Ахмет Даутоғлы келесі дүниелерді атап өтті:

— Ресейлік туристер Түркияны бірден білген жоқ. Кезінде, осыдан 25 жыл бұрын осында алғаш рет келген олар елді, оның табиғатын көріп оған ынтық болды. Оны ешқандай саясат өзгерте алмайды.

Басқа елдердің басшылықтарымен қандай қиындықтар болса да біз ол елдердің халқына бұрынғыдан да жақсы көзқараста болуымыз керек

Мен ресейліктер Түркияға оралу мүмкіндігін табады деген сенімдемін. Әрине, саяси дағдарыстың өз ықпалы бар, бірақ РФ туристері жалпы біздің елге келуін жалғастырады. Әлбетте, біз Ресеймен қарым-қатынастарды қалпына келтіруге ниеттімі, — деді ол.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз