Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркия мен Германияда жүрген қазақстандық туристерге сақ болу туралы ескерту жасалды

20-желтоқсанда Берлиннің орталығында жаңа жылдық жәрмеңке кезінде топ адамға жүк көлігі қойып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, 12 адам мерт болып, 50 адам жарақаттанған. Кейін полиция жүк көлігінің жүргізушісін ұстады. Ол мінген көліктің нөмірі Польшанікі болып шықты, нақтырақ айтқанда Гданьск қаласынан.

Иғалидың айтуынша, зардап шеккендер ішінде қазақстандық туристердің бар-жоқтығы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне мәлімет келіп түспеген.

„Туризм индустриясы департаменті Германияда жүрген қазақстандық туристерге көп жиналған жерден бойын аулақ ұстап, өте сақ болуға кеңес береді„ деп жазылған жазбада.

Еске сала кетелік, кеше – 19-желтоқсанда Анкарада Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловты атып кетті. Мәскеу мұны террорлық акт ретінде бағалады. Карловты атқан адам қарулы қақтығыс кезінде мерт болды.

“Туризм индустриясы департаменті Түркияда жүрген қазақстандық туристерге көп жиналатын жерлерден аулақ болып, тіркелген жерінен алыс кетпеуге кеңес береді”, – деп жазады Иғали.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз