Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркияға барғысы келмеген қазақстандықтар туристік компаниядан алдын ала төлеген ақысын талап етуге құқылы

Қазақстандағы туристік агенттіктер қауымдастығының ресми өкілі Денис Кривошеев Түркияда демалғысы келетін қазақстандықтарға өз жоспарынан бас тартпауға кеңес береді.

– Біз бұл арада қандай да бір дүрбелеңге түсуге негіз жоқ деп санаймыз. Тек аса сақ болып, көп нәрсеге дұрыс көңіл бөліп жүрсе болғаны. Ал істі кейінге шегеруге қандай да бір қажеттілік көріп отырғанымыз жоқ. Терактіге қатысты мысал көп қой. Франция, Израиль немесе Еуропа, тағы болмаса Ресей дегендей. Бұл елдерде де жағдай аса тұрақты деп айтуға болмайды. Сондықтан мұндай хабарға да бой үйретіп, аса сабырлы болатын уақыт болды, – дейді ол.

Сондай-ақ ол Түркияда қатаң қауіпсіздік шаралары қабылданып жатқанын, сондықтан терактінің қайталануы екіталай екендігін айтады.

Қазақстан туристері қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова:

– Түркияға барғысы келеді ме, әлде бармай қалуды жөн көреді ме, оны туристтің өзі шешеді.  „Тұтынушылар құқығын қорғау туралы„ заңға енгізілген соңғы өзгерістерге және туристік компания мен турист қол қойған келісімшартқа сәйкес, ол компаниядан алдын ала саяхатқа төлеген ақысын қайтаруды талап ете алады, – дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз