Қазақтың қызы қытайға да, орысқа да, түрікке де тиіп жатыр. Қара нәсілділерді де жатырқамайтын болғанбыз.Мұның себебі неде? Білмейміз.
“Шетелдікке тисем, дамыған елде тұрамын, тұрмыс тауқыметін тартпаймын, деп ойлайтын” болар.
Қайдам…
Журналист Дәурен Мұқанов түрікке тиген қазақтың қызының тағдырын суреттеп көріпті. Көзімен көрген дүниені баяндаған екен. Қаз-қалпында беріп отырмыз.
– “Қазақтың қызы! Түрiкке, “хачикке”, чукчаға, итке-битке бала туып бергенше, қазақ жiгiтiнiң түтiнiн неге түтетпейсiң!?
Стамбулда жүрген кезде түрiкке шығып, таяқты молынан тоя жеп, кiр аяқтың астында шұлғау боп тапталған ақымақ қазақ қызының тағдырын көрiп, жаным түршiктi.
Шетелде не атаңның басы бар?
Хачиктердiң мәмпаси, кәмпиттерiне мәз болмаңдар. Одан да байсыз тапсаң да, тоқал боп тисең де, ұлттың cанын көбейтпейсiң бе?”,
– деп жазыпты ашынған журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.