Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы: “Менің қателігімді қайталамаңдар. Өкінесіңдер…”

“Мен өзімнің жүзімді көрсеткендеріңізді қаламаймын. Ата-анамды жерлеген соң, осы Астана қаласына келуіме тура келді. Ең алғаш бастаған жұмысым құрылыс болды. Сол құрылыста сылақ секілді елдің істеп жатқан тіршілігін істедім. Менімен бірге құрылыста түрік азаматтары да істеп жатты. Ішінде жасы келіп қалған, егделеу бір кісі болды. Екеуіміз көңіл жарастырдық десем де болады. Түрік азаматы болғандықтан, ұсынысын қабылдағым келмеді. Бірақ, әйелі қайтыс болып кеткен соң, қатты аядым. Өзінің үш қызы мен бір ұлы бар екен. Балаларының рұқсатымен маған үйленетін болды. Уақыт өтіп, менің аяғым ауырлады.

Екеуіміз түрік еліне барған соң да барлығы жақсы болды. Кейін қыздары маған қабақ шытып, жолдасым да суи бастады. Қыздарымен ашық айқасқа түсіп кеткендіктен, мен елге қайту туралы шешім қабылдадым. Осы сәтте көз қуанышым – ішімдегі балам еді. Бір жылдан кейін қыз бала босандым. Қыз ер жетті, қазір 16 жаста. Екеуіміз бірге тұрып жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тұрмысқа шықпадым.

Бірақ, қызыма қараған сайын, өзіме ешқандай бақыттың керек емес екенін сеземін. Барлық қыз-келіншектерге тек қазақ азаматына, өзіміздің тәрбиемізге сай, салт-дәстүрімізді білетін азаматқа тұрмысқа шығуға кеңес беремін” – дейді ол.

k1pogat3lve

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз