Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
16
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Түнгі клубтан шыққан соң жоғалып кеткен келіншекті өлтірді деген күдікті анықталды

Кеше қалалық ішкі істер департаменті 26 маусым күні сағат 12:00 шамасында Пригородный кентінің жанындағы ағаштардың арасында осыған дейін із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Балдырған Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылғанын, тергеу амалдарының барысында туыстары қайтыс болған азаматшаны танығанын жария еткен болатын.

19-маусымда Астана қаласы аумақтық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне түнгі сағат 03:00-де 33 жастағы келіншек Балдырған Сыбанбаеваның «Ретро» түнгі клубынан шығып кетіп, содан қайтып оралмағаны жайлы шағым келіп түскен.

Ол түнгі клубқа өзінің сіңілісі Қарлығаш Сыбанбаевамен барған. Сіңілісі әпкесі шаршап тұрғанын, ертерек үйге барып демалғысы келгенін айтып, кетіп қалғанын айтады. Марқұм Балдырған Сыбанбаеваның „Азат„ сауда үйінде өзінің бутигі болған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз