Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сыздықовадан қай жерім кем?..”. Жезөкшелерді сабаған рэпер депутат болғалы жүр (видео)

178

Соңғы рет жезөкше мәселесін көтеріп, қазақтың киелі қамшысын насихаттаймын деп басы дауға қалған Жан Ахмадиев бұған дейін қоғам үшін өзекті тақырып – жалақы аздық, жұмысы жоқтық, кедейшілік пен асыра байлық, жемқорлық, қоғамдағы теңсіздік – құтырған әйел, тоқал алған шенділер, жетім бала мәселелерін көтеріп, „Қазақпыз ғой„ деген атаумен сериялап бейнебаяндар жасап шыққан.

«Келесі жолы жезөкшелер көшеге шығудан қорқатын болады. Себебі олар қамшымен сабап кетпейді ме екен деп әр клиентінен қорқатын болады», – дейді Жан Ахмадиев.

Болашаққа жоспарларымен бөліскен ол өзін депутат ретінде көретінін айтып қалды.

«Соңғы кезде осындай ұсыныстар көбейіп кетті. Депутат болсам, біраз нәрсе өзгертер едім. Қазіргі таңда ондай адамдар (ред. еск. – депутаттар) мұндай қызметке белгілі бір мақсатты, өзінің жеке басының қамын көздеп барады. Мен қарапайым халықтың ортасында жүргеннен кейін халықпен бірге болғың келеді.

Әттең-ай дейсің, қолда кішкене билік болса, өзгерістер жасар едім. Біріншіден қазақтың дәрежесін көтерер едім. Қазақ стоянкада жұмыс істейді, қазақ – күзетші, қазақ кім – қазақ кондуктор. Сонда қазақ басқа жұмыс жасай алмай ма? Мақсатым – қазақтың сөзін сөйлеу, қазақтың жыртысын жырту»,

– дейді заманауи жырау.

Айта кетелік, атышулы Бақыт Сыздықова 2007 жылдан беріге дейін депутат болды. Ол  ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша сайланған.

Бақыт Сыздықова 2013 жылы депутатықтан алынып, партия қатарынан қуылған. Экс-депутат өзі жетекшілік ететін қоғамдық ұйымға деп партия бюджетінен 7 млн теңген алған. Бірақ 4 жылдан бері қарызын қайтармаған. Берешектен бөлек, ішкі тәртіпті бұзып, партия билетін бүлдірген. Сондықтан партияластары көп ойланбастан оны қатарынан шеттетті. Алайда Сыздықова мұның бәрін соңына дейін жоққа шығаруға тырысқан.
 

Бақыт Сыздықова Гарлем шейк билеп, күлкіге қалған. Қазақ тіліне шорқақ экс-депутат шоқынатынын да айтқан. Мәжілістен кеткен соң ол спортқа ауысқан еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз