Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сыртқы сауда көлемі төмендеді — импорт та, экспорт та қысқарып жатыр

545

2019 жылдың қарашасында Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 7,6 млрд теңгені құрады. Өткен аймен салыстырғанда көрсеткіш 12,6%-ға төмендеді. Бұл ретте тауар айналымының төмендеуі төрт айлық өсімнен кейін орын алып отыр. Оған қоса импорт та, экспорт та қысқарды.

Қараша айының қорытындысы бойынша шетелден әкелінген тауарлардың жалпы құны 2,9 млрд долларды құрады.

Бұл қазан айына қарағанда 20,8%-ға аз. Төмендеу барлық негізгі тауар топтары бойынша болды

“Қараша айында Топ-10 негізгі заттардың арасында крандарға, клапандарға және вентильдерге сұраныс төмендеген. Дәл осылар қазан айында көп мөлшерде сатылған болатын.

Импортта жекелеген тауарлардың басымдығы байқалмайды, сондықтан өзгерістер неғұрлым қарқынды сипатқа ие. Қараша айында аса көп импортталатын тауар —  телефон аппараттары болды. Олар 111,3 млн долларға әкелінген”, – деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ).

Көбіне бізге Ресейден тауарлар әкелінеді. 11 айдың қорытындысы бойынша ол жақтан 12,3 млрд долларға тауарлар жеткізілген. Бұл импорттың жалпы көлемінің 35,8%-ы. Былтыр бұл көрсеткіш едәуір жоғары болған — 38,7%.

Басты жеткізушілер тізімінде екінші орында Қытай тұр. Қаңтар-қараша айының қорытындысы бойынша Аспан астыдан жеткізілетін өнім көлемі 5,6 млрд теңгені құрады (жалпы көлемнің 16,3%-ы).

Үшінші орында — Оңтүстік Корея, сауда серіктесі ретінде рөлі өсіп келеді. 11 айда импорт 3,4 млрд долларды құрады.

Мұнай экспорты қайта төмендеді

Шетелге Қазақстан 4,7 млрд теңгеге тауар сатқан. Қазанмен салыстырғанда экспорт көлемі 6,6%-ға қысқарды. Негізгі фактор – мұнай саудасының қысқаруы.

“Соңғы екі ай қатарынан мұнай экспортының нақты көлемінің төмендеуі байқалады. Қазан айында жеткізу 5,4%-ға, қараша айында тағы 6,9%-ға (6,0 млн тоннаға дейін) төмендеді. Бұл ретте шикізат сатудан түскен түсім қараша айында 10,3%-ға — 2,7 млрд долларға дейін төмендеді”, – деп атап өтті ҚҚҚ.

Елдер бойынша Нидерландыға (-$428,1 млн), Швейцарияға (-$169,7 млн) және Үндістанға (-$146,1 млн) шикізат сатылымының айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Басқа тауарларға қатысты, газ экспортының өсуін атап өткен жөн. Қазанмен салыстырғанда сату көлемі екі есе өсті ($150,1-ден 294,8 млн-ға дейін). Жалпақ прокаттың сатылымы да ($40,8-дан $80,7 млн-ға дейін) айтарлықтай өсті.

Қысқартулар да орын алды. Мысалы, органикалық емес химия өнімдері экспортының көлемі қазанмен салыстырғанда 40%- ға жуық — $279,4-тен $172,5 млн-ға дейін төмендеді.

Осылайша, бүкіл қазақстандық экспорттың жартысынан астамы мұнайға тиесілі. Алайда, айдың қорытындысы бойынша “қара алтынның” үлесі 58,1%-ды құрады, бұл қазанға қарағанда 2,4 п.т. аз.

Қаражат түсімі артты

Сауда көрсеткіштері нашарлағанымен, қаражат түсімі артты. 2019 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша сауда сальдосы 1,7 млрд долларды құрады, ал қазан айында 1,3 млрд доллар болған. ҚҚҚ-да атап өткендей, сауда балансының профицитін одан әрі жақсарту 2019 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы операциялардың шотына оң әсер етуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз