Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сыртқа кеткен ақшаға 26 мемлекетте сатып алынған 300-ден аса шетелдік нысан заңдастырылды

Министрдің айтуынша, Қазақстанда мүлікті жария ету қарқыны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр екен. Алматы тұрғындары 459 млрд теңгенің мүлкін жариялаған. Жалпы құны 338 млрд теңгенің мүлкі жарияланған. Алматы облысы ІІ-орында жəне 57 млрд теңгенің мүлкін заңдастырған Астана қаласы ІІІ-орында екен.

«Шетелдегі мүлік бойынша, егер жыл басында жария етілген мүлік құны (38 объект) 1 млрд теңгені құраған болса, бүгінде бұл сома 16,6 млрд теңгеге дейін жетті. Ал объектілердің саны 300-ге жақындады. Яғни, жылдың басынан жария етілген объектілердің саны 8 есеге, құны 16 есеге ұлғайды. Ал мүлік жария етілген шет елдердің саны 9-дан 26-ға дейін өсті»,-деді Бақыт Сұлтанов.

Министр хабарлағандай, қазақстандықтар Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Виргин аралдары, Германия, Грузия, Испания, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, БАӘ, Ресей, АҚШ, Сингапур, Тайланд, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Украина, Франция, Оңтүстік Корея елдеріндегі мүліктерін заңдастырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз