Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Сұмырай қыз екен». Ұжымымызды бастықтың ойнасы басқарады

1785

Себебі басшы сенің айтқаныңды емес, қойнында жататын әлгі сұлудың айтқанын ғана тыңдайды.

Соның емеурінімен ұжымды басқарады. Бұл — бүгінгі қоғамның жарасы. Оны ешкім сылып тастай алмайды.

Мұны мен неге айтып отырмын?

Дәл осындай жағдай өзім жұмыс істейтін ұжымда да бар: былтыр бізге жаңадан бір қыз жұмысқа тұрды. Ақсары келген, өзі өте сымбатты. Естуімізше, біздің бастықпен бұрыннан таныс екен. Әу баста тыныш секілді еді. Уақыт өте келе өзгерді.

Бұрын бөлмесінен шықпайтын бастық әлгі қыз отырған бөлмеге жиі баратын болды. Сонда отырып, кофе, шай ішеді. Олардың қандай әңгіме айтатыны бізге белгісіз ғой.

Жиналыс бола қалса, бастық сол қызды, соның істеген жұмыстарын өзгеге үлгі ететін болды.

«Осы қыздың көті алтын ба?» деп жұрт басын шайқайтын болды. Тіпті «бастықты дуалап тастаған шығар» деген де әңгіме шығып қалды.

Осы сұмырай қайдан келді?

Бұрын ауызбіршілігі мол ұжым едік, енді іри бастадық. Жұмыстағылар топ-топқа бөлініп. бірін-бірі жамандайтын болды.

Бәрін бүлдіріп жүрген — сол, бастықтың ойнасы.

Ол өзіне ұнамаған, қарсы келген адамдарды бастыққа жамандап, қарсы қоя салады. Бірақ адам болар-болмас сылтаумен жұмыстан шығарылады. Біздің жұмыста мұндай «қуғын-сүргін» әлі де жалғасуда.

Жұрт бастықтың көңілдесіне наразы. «Осы сұмырай қайдан келді. Сүттей ұйыған ұжымды тас-талқан етті. Керемет сұлу болса қане? Осыған бастық қалай қарап жүр? Бұл жезөкшені қалай кетіреміз?»

Қазір ұжым адамдары жинала қалса, айтатындары тек осындай сөздер. Ия, айтпақшы, мұндай жағдай тек бізде емес, бәлкім, сіздердің де бастарыңызда бар шығар?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз