Нұр-Сұлтан
Қазір
25
Ертең
16
USD
516
0.00
EUR
585
0.00
RUB
6.24
0.00

«Сұмдық қой!». Петропавлда моладан азагүлдерді ұрлаған күдіктіні ұстады

Зардап шегушілердің полицияға кеш хабарласуы осы сияқты қылмыстарды ашуда қиындық туғызады. Бұл жағдайда жапа шеккендер ұрлықтың жасалуын бірнеше күн өткен соң ғана анықтаған.

Десе де, қылмысты ашу үшін криминалистер әжептәуір тер төкті. Оқиға орнынан жиналған айғақтар қаскүнемдердің мекен-жайын анықтауға мүмкіндік берді. Қолды болған азагүлдер анықталған мекен-жайдан табылды. Аталған қылмысты азагүлдерді жасау кәсібімен айналысушы жасады деген күдік бар.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазіргі уақытта ұқсас қылмыстардың жасалуын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу барысында басқа да азагүлдердің ұрланған, не ұрланбағаны анықталмақ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз