Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Сұмдық қой!”. Депутат тұрғын үй бағдарламасында ауылда баспана салу бағыты қарастырылмағанына ашуланды

Кредиттік баспана бар, олар негізінен қалалар мен облыс орталықтарында тұрғызылуда. Содан кейін жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тартуға 80 миллиард теңгеге дейін ақша бөлінеді.

Оның 50 проценті ауылдарға, қалған 50 проценті қалаларға”, — деп жауап берді ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

“Владимир Карпович (мәжіліс төрағасының орынбасары – автор ескертп.), бұл деген парадокс. Бізде халықтың 43 проценті ауылдық елді мекендерде тұрады.

Жақында “7-20-25” бағдарламасы қолға алынды. Ал министрліктің ресми өкілі ауылдарда баспана салу тұрғын үй бағдарламаларының ешқайсысында қарастырылмаған дейді. Бұл деген “полный маразм”, — деп ашуланды Теміржанов.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауыл тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу керектігін айтқан болатын. Айтуынша, қазіргі “Нұрлы жер”, “7-20-25” бағдарламалары ауылдарда іске асыруға келмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз