Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Сұмдық екен…”. Singer жеңімпазы Джессидің өзі Димашты көргенде аузын ашты (видео)

170

Жалпы Қытай әлеуметтік желісіндегі Джессиге қатысты көрермендердің көзқарасына аз-кем тоқтала кетелік. Негізі, жобаны ұйымдастырушылар Джессиді мұхиттың арғы жағынан әдейі аттай қалап алдырыпты. Себебі Димаштан соң бұл жоба бүкіл әлемге танымал боп, рейтингісі қатты көтерілген. Осы деңгейді ұстау үшін қытайлық мамандар Батыс әншілерін қатыстырып, соларға жол беріп көрейік деген саясат ұстанған сияқты. Джесси де командасымен келген. Заңгері бар, арт директоры бар, продюссері бар, асай-мүсейі бар дегендей.

https://kaz.365info.kz/dimash-gollivud-zhyldyzdarymen-syrbojdakhtar-kynin-tojlap-zhyr-foto-289047

Ол Димаш секілді жоба ұйымдастырушыларының талабына көнбеген, керісінше әлгі бір топ адамын алдына сап, жобаны ұйымдастырушылардың өзін дөдеңдетіп қойғанға ұқсайды. Қарасаңыз, ол бір де бір рет қытай тілінде ән салмады. Өзін паң ұстады. Көрермендерге осынысы ұнамаған. Димаштағы мәдениеттілік, Димаштағы қарапайымдылық, Димаштағы ізеттілікті көре алмай қаймана болыпты көрермендер.

Айта кетелік, Димаш Құдайберген былтыр өзі қатысып, сынға түскен Қытайдағы I am Singer жобасының құрметті қонағы боп, биылғы галаконцертте өнер көрсетті. Ол ағылшынның атақты Hello әнін орындады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз