Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сұмдық-ай! Шымкентте жекеменшік клиникаға қаралуға барған полиция қызметкері қайтыс болды

Ал, марқұмның туыстары болса, 29 жастағы полицей жеке клиникаға жүкті әйелімен бірге барғанын айтады. Ондағы медицина қызметкерлері сап-сау жігітке екпе жасамас бұрын сынама алмады деп айыптап отыр. Қалай болғанда да, тәртіп сақшысының неден қайтыс болғаны тергеуден соң белгілі болмақ.

https://kaz.365info.kz/almatyda-ariptesinen-okh-zharakhatyn-algan-politsej-khajtys-boldy-333540

Шымкентте кәсіпкер дәріхананың жанынан емдеу мекемесін ашып алған. 30 жасында сәби сүюді армандаған ерлі-зайыпты дәрігер тағайындаған екпені алуға келген. Алайда соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Марқұмның туыстарының сөзінше, оған екпе салмастан бұрын сынама жасалмаған.

«Нұсқауды осы мекеменің дәрігері берген. Оның лицензиясы бар-жоғын білмейміз. Бұған дейін медбике екпе жасамағаны туралы өтірік айтқан. Кіріп барсам, жанбасында иненің ізі тұр. Қанның да ізін көрдім. 4 күн бұрын келгенде «проба» саламыз деген. Бүгін реакция болмайды дегенде, сынамасыз екпе жасаған», – дейді марқұмның туысы Нұршат Байшымырова.

Оқиға орнына келген тергеушілер емдеу мекемесінен үш қара полиэтилен пакетті алып шыққан. Туыстарының сөзінше, сол пакеттедің ішінде тәркіленген дәрі-дәрмек болған.

https://kaz.365info.kz/ministr-politsiya-khyzmetkerinin-olimine-bajlanysty-tysinik-berdi-333567

«Екі пакет «укол» алып келіпті. «Осыны қабылдасаңыз, әйеліңіз бала сүйеді», – деген. Келіншегі гинекологқа кіріп кеткен. Ал оның жамбасына 6 ине салады.

Сол кезде ол: «Әсия мен өзімді нашар сезініп тұрмын», — деген. Сөйтсе, дәрігер тағы да жатқызып, «система» салыпты. Сол кезде жігіт қайтыс болып кеткен», – дейді марқұмның туыстары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз