Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Сұмдық-ай!”. Қарағандыда асырап алған үш бірдей бала соққыға жығылды

123

Төрт, бес және алты жастағы үш баланы жетімдер үйінен Рымбала Ескендірова осыдан бір жарым жыл бұрын асырап алыпты. Туғалы бері ана мейірімін көрмеген балалар бір күннің ішінде отбасылы болғанда халық та шын қуанған екен. Бірақ жарты жыл бұрын бүлдіршіндер оңалту орталығына қайтуға мәжбүр болыпты. Бұған жетімдердің денесіндегі жарақаттар себеп.

«Ұзын күректің сабы болады сонымен баланың арқасынан тартып жіберді. Бала жылап келе жатыр», – дейді осындай жайттардың біріне куә болған Нүркен ауылының тұрғыны Айымгүл Асауова.

 

 

https://kaz.365info.kz/69-ret-yrgan-belgili-akter-ajelin-zhauyzdykhpen-oltirgen-yshin-sottaldy-310959

Бірінші сыныптың оқушысы мен оның сіңлісінің бет-аузы көгеріп, саусақтары қанталаған күйде келетінін мектеп ұжымы да растайды. Сондықтан болар, қаршадай қыздар сабақтан да жиі қалатын дейді. Өгей анасының бүлдіршіндерді қамшымен сабағанын тұрғындар бірнеше мәрте көрдік дейді. Далада аяусыз таяқпен ұрғанынан жандары түршіккен көршілер жаппай қамқорлық бөліміне хабарласқан.

“Кофтасын көтеріп едім, денесі көк-ала. Сосын не де болса, балаларды шешіндіріп, соткаға түсіріп алдым”,-дейді тәрбиеші Алтынгүл Мұсаханова.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/kyzet-ali-tyr-okho-da-zorlandy-degen-balanyn-khazirgi-zhagdajy-ajtyldy-312192

“Жуындырғанда тез жуынсайшы деп қыздардың маңдайынан ұстап алып, шашын жұлқылап әкеліп, кафельге ұрады”,-дейді ауыл тұрғыны Ұлажан Рақымбекова.

Балаларды азаптайды деп басы дауға қалған Рымбала Ескендірова кінәні мектеп ұжымынан көреді. Тіпті, бүлдіршіндердің оқу ордасында соққыға жығылғанын дәлелдейтін айғақтарым да бар дейді.

Қазір Рымбала Ескендірова үш бірдей бүлдіршінді қайтарып алуға құжат жинап жатыр. Дегенмен, тергеу аяқталмайынша балалар кәмелет жасқа толмағандарға арналған оңалту орталығында қала бермек. Ал, жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін кім соққыға жыққанын қылмыстық іс қозғаған прокуратура өкілдері анықтайды. Қазір осы оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/shymkentte-ozine-khol-salgan-mygalimnin-inisi-de-byltyr-ozi-sekildi-asylyp-khajtys-bolgan-312461

Дерек көз:Sn.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз