Шалақазақ шенділерге тықыр таянған сыңайлы, олар бірінен соң бірі ана тіліне шоқақтығын көрсетіп, ұятқа қалуда. Осының алдында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің қазақшасы бүкіл елге жария болса, бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сулейменов Сенаттағы сын сағатта сүрінді.
Бұл туралы белгілі журналист Әділбек Қаба өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Бүгін әдеттегідей Палата отырысы жүріп жатқан. Күн тәртібіндегі заңды ратификациялау үшін еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бар қазақшасын сарқа пайдаланып ол заңнаманың не үшін қажеттігін түсіндіріп жатты.
Сол сәтте сенатор М.Құл-Мұхаммедтің тақырыпқа орай қойған сұрағы министрді әбден састырды.
Министр есеңгіреп қалды ма, болмаса дайындығы кемшін болды ма, мандытып жауап бере алмады.
Десе де, әйтеуір ойдан-қырдан құрап бірдеңе айтып тығырықтан шығып кетпек болып еді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Болды ма?» деп сұрады.
«Болды», – деді министр.
Төраға көңілі толмағанын сөз райынан байқатып, тағы бір мүмкіндік берді де:
«Сіздің жауабыңыз толық емес, сұрақ нақты болды. Осы мәселеге байланысты нақты жауап беріңізші», – деді.
Министр тағы біраз «шапты». Бірақ тағы да «мимо».
МИНИСТР МҮДІРІП ҚАЛДЫЕнді министрлер Сенатқа дайындалып келетін шығарЫңғайсыздау болды. Министр нақты сұраққа нақты жауап бере алмады. Таратып айтсақ, бүгін әдеттегідей Палата отырысы жүріп жатқан. Күн тәртібіндегі заңды ратификациялау үшін еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бар қазақшасын сарқа пайдаланып ол заңнаманың не үшін қажеттігін түсіндіріп жатты. Сол сәтте сенатор М.Құл-Мұхаммед тақырыпқа орай бір сұрақты маңдайдан сарт еткізді. Министр есеңгіреп қалды ма, болмаса дайындығы кемшін болды ма, мандытып жауап бере алмады. Десе де, әйтеуір ойдан-қырдан құрап бірдеңе айтып тығырықтан шығып кетпек болып еді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болды ма?» деп сұрады. «Болды» деді министр. Төраға көңілі толмағанын сөз райынан байқатып, тағы бір мүмкіндік берді де: «Сіздің жауабыңыз толық емес, сұрақ нақты болды. Осы мәселеге байланысты нақты жауап беріңізші» деді. Министр тағы біраз «шапты». Бірақ тағы да «мимо». Одан әрі тыңдауда мән қалмағанын түсінген Сенат Төрағасы министрдің сөзін шорт қиды да «Министр мырза, Сіз бұл мәселе бойынша жазбаша жауап беріңіз. Отырыңыз» деді. (Төмендегі видеоны қараңыз). Мұны барлық БАҚ өкілдері естіді, онлайн қарап отырған барша жұрт көрді. Енді министрлер Сенатқа дайындалып келетін шығар.Әділбек Қаба
Gepostet von Адилбек Каба am Mittwoch, 28. Februar 2018
Одан әрі тыңдауда мән қалмағанын түсінген Сенат Төрағасы министрдің сөзін шорт қиды да:
«Министр мырза, Сіз бұл мәселе бойынша жазбаша жауап беріңіз. Отырыңыз» деді.
Мұны барлық БАҚ өкілдері естіді, онлайн қарап отырған барша жұрт көрді.
Енді министрлер Сенатқа дайындалып келетін шығар6 – дейді жазбасын тәмәдаған журналист.
https://kaz.365info.kz/p-miti-nashar-eken-ministrdi-tirigi-leumettik-zhelidegi-auymdy-ashulandyrdy-246421