Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақтың мүддесін қаперден шығармайтын азамат қана халыққа адал қызмет етеді – Сүлейменов

Енді, қараңыз,

араға 90 жыл салып, қазақтардың саны 4 миллион адамға өсті. Қазір елімізде, шамамен, 10 милллион қазақ бар. Өзбек xалқы болса, 31 миллионға дейін өскен.

Негізі, олар да ұжымдастырудан өтті, репрессияларға ұшырады. Алайда, қазақ xалқы Семей полигоны сияқты үлкен қасіретті бастан кешірді.

Оған көмір, мұнай және тағы басқа табиғат байлықтарын жабайылық әдіспен өндіруді тағы қосыңыз.

Бұның бәрі xалықтың денсаулығына әсер етпей қоймады. Қазіргі жастар арасында бала таба алмай жүргендер баршылық. Ол да – бұған дейінгі экологиялық қателіктердің кесірі”, – деді Олжас Омарұлы бүгін Астанадағы xалықаралық экологиялық конгресте.

Оның айтуынша, дәл осы мәселені әрбір министр, әрбір депутат естен шығармауы қажет.

“Қазақ xалқының не себепті және қандай жағдайға тап болғанын қаперден шығармайтын адам ғана елге адал қызмет етіп, өз үлесін қоса алады”, – деп атап көрсетті қоғам қайраткері.

Осы орайда, жазушы әрбір қазақстандықты бір тал ағаш егуге үндеді. Елімізде 18 миллионға жуық ағаш отырғызылса, ел экологиясы әжептәуір жақсаратын еді. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз