Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сүйінші! Тағы да алтын алдық

101

Үшінші алтын жүлдені биатлоншы бұрымдымыз Галина Вишневская алып берді. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды.

Еске сала кетейік, бұл Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді.

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін Универсиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесі. Осылайша, біздің құрама қазіргі уақытта командалық есепте қайта ІІ-орынға шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз