Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сүйінші! Димаш жылдың ең танымал әншісі атағымен марапатталды

101

Бұл туралы әнші Instagram-дағы өзінің жеке парақшасында жазды.

«OK журналының шешімі бойынша «Жылдың ең танымал әншісі» жүлдесіне ие болдым! Барлық Dears-тарыма және BG Talent-қа үлкен раxмет!!!», – деп жазды ол.

Бұл кеште Димаш «Memories That Can’tTake Away» әнін шырқады.

Айта кетелік, бұл танымал әнші-актерлерге арналған «OK!Magazine» журналының алғашқы саны 1993 жылы Англияның Лондон қаласында жарық көрді. Ол күн сайын әлемнің 13 елінде шығады. Журналдың қытайлық нұсқасы 2012 жылдан бастап оқырманға жол тартты. Осыған дейін Димаш Қытайдың «Singer – 2017» байқауына қатысып, әлемге танымал болды. Әнші бұған дейін «China Top music Awards» сыйлығының 24-інші рәсімінде «Азияның ең танымал әншісі» және «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз