Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
18
USD
440
-0.03
EUR
474
+0.23
RUB
4.76
-0.06

“Сүйегі көрініп тұрды…”. Зардап шеккен пойыз жолаушысы өз басынан өткенін айтты

Әйелдің айтуынша, пойыз аударылғаннан кейін олардың екі орны да жоғарыда қалған.

“Бұған дейін күйеуім: “Мына пойыздың тежегішінде ақау бар, жұлқып жатыр” деп еді. Көзді ашып-жұмғанша құлап кетті, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес”, — дейді Кәрімова.

Сыртқа шығу үшін терезені сындыруға тура келген.

“Шаң боп кетті, балалар жылап жатыр – біздің вагонда 18 бала болды! Құдай сақтап бәрі аман… Күйеуім: Айгүл, аяғым сынып кетті” деді.

Адамдар жоғары қарап қалған терезені сындырып, оны шығарып алды. Содан кейін талдардың арасына алып барып жатқызды. “Жедел жәрдемді” күттік.

Ашық сынықтан қан кетіп жатты, сүйегі көрініп тұрды”,

— дейді әйел.

Көз жұмған жасөспірімді Кәрімова алыстан көріпті. Оның өмірін құтқарып қалуға әрекеттенген, алайда нәтиже болмаған. Сонымен қатар, жолаушының айтуынша, апаттан кейін жолсеріктердің бірін тоқ ұрған. Алайда қазір оның жағдайы жақсы екен.

Бүгін Әлиби Байжановқа дәрігерлер ота жасауы тиіс.

“Екі аяғы да сынып кетті, бір аяғында жабық, екіншісінде ашық сынық. Дәрігерлер гипс салды. Күйеуім есін біледі, сөйлеп жатыр”, — деп түйіндеді ол.

Кеше Жамбыл облысы Шу ауданында “Астана-Алматы” жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда 829 жолаушы келе жатқан. Апат кезінде 12 жасар жасөспірім көз жұмды. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы 14 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Олардың ішінде біреуі ғана ауруханаға жатқызылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз