Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сыбыс емес екен”. Нарынқол қайтадан аудан болатын болды

707

Шекарасын бөліп, бәрін көрсетеміз. Процедуралық жұмыстар қалды. Содан кейін шешім қабылдаймыз. Облыс күтіп отыр.

Комиссия құрып, Нарынқолға барып, мекемелердің ғимараттарын көріп, жылдың аяғы келесі жылдың бюджетіне соның бәрін кіргізіп, штатына дейін, балабақшаларына дейін соның бәрін жоспарлауымыз керек”, – деп мәлімдеді Амандық Баталов.

Еске сала кетсек, 10-тамызда Алматы облысының мәслиxатының отырысында ҚР Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілген болатын. Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді.

Айта кетсек, бүгінде Алматы облысында 16 аудан орталығы болса, жаңа ауданмен 17-ге жететін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз