Түркіменстанда тұтынушылардың 2017 жылы суды пайдалану көлемінің лимиті бекітілді. Ресми қарауға мемлекет басшысы 13 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырсында қол қойған.
Түркіменстанда 1990 жылдардың басынан бері су, газ және электр қуаты халыққа жеңілдікпен беріліп келеді.
Бірақ жиырма жылдан астам уақыт бойы астана тұрғындары ғана емес, елдің барлық аймақтарындағы халық су тапшылығын көріп келеді. Оның үстіне ауыз судың сапасы да сын көтермейді.
Тұрғындар суды арнайы қоймаларда сақтайды. Кейде ауыл тұрғындары суды алыстан тасиды. Балқан облысының бір тұрғынының айтуынша, алыстан тасылған 5-7 тонна судың құны – шамамен 90-100 манат.
Суды пайдалануға лимит алғаш рет 2015 жылы енгізілді. Тегін суды бір адам тәулігіне 250 литр көлемінде қолдана алады. Биыл бекітілген лимиттің нақты қанша екені әлі хабарланған жоқ.