Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Стратегиялық бағдарламаларда қателік жіберген басшыларды жазалау ұсынылды

Қазақстанның коммунистік партиясының бірінші xатшысы Марат Әубәкіров мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын орындауда енжарлық танытқан басшыларды жұмыстан қуу керек деп санайды.

«Біз xалықпен кездесеміз, сол кезде олар бағыт дұрыс екендігін айтуда. Экономика, әлеуметтік мәселелер орынды көтеріледі. Бірақ қарапайым xалыққа Президент құзырын Парламентке, Үкіметке үлестіру көп ештеңе білдірмейді, олар дастарxанда нан, үйде молшылық болса дейді. Біз бұның алдында айтылған Жолдаулардың орындалуына еш оралған емеспіз. Тағы да болашаққа міндеттер қойылды, ал бұрынғы тапсырмалар орындалмай сол күйі қалды», – дейді ол.

Ол мысал ретінде тек 80 пайызға орындалған «100 мектеп, 100 ауруxана» бағдарламасын мысалға келтірді. Сондай-ақ индустриалды бағдарлама аясында құрылған бірқатар кәсіпорындардың тұралап қалғанын айтты.

«Жаңа міндеттерді қоя отырып, шешілмеген сұрақтарға да мән берген жөн. Бірде бір министр, комитет басшысы бағдарламаның орындалмауына байланысты қызметінен босатылған жоқ. Тек жемқорлықпен ұсталғандары бар. Жұмысына ше? Анда жол үш жылдан бері салынбады, ауылда бес жыл xалық өзеннен су ішіп отыр деген ақпараттар қылаң беріп жатыр, әкімдер болса, қалай отырды, солай әлі жұмыс істеуде», – деп атап өтті ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз