Ресейлік “Первый канал” арнасындағы “Пусть говорят” ток-шоуына Ресейдің «жаңа» азаматы, атақты актер Стивен Сигалды шақырыпты.
Стивен Сигал әйелін ертіп келіпті, деп жазады infpol.ru.
Әйелінің ұлты моңғол екен. Оның есімі – Батсухийн Эрдэнэтуяа.
Батсухийн күйеуіне 7 жыл бұрын ұл тауып берген екен. Ол бала да әкесіне тартып, шығыс жекпе-жегімен айналысады екен.
Ал Стивен Сигал болса, енді «мен орыстың моңғолымын» деп жұртты күлдіріп жүр.