Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Стивен Хокинг Жердің тозаққа айналатынын айтты

Ғалымның пікірінше, климаттың өзгеруі адамзат баласының жойылуына әкеледі, ал Жер жылудың арқасында нағыз тозақтың өзіне айналады. Егер адамзат парниктік газдар шығынын азайтпаса, ерте ме, кеш пе, Жердегі орташа температура шамамен 460 градусқа жетеді.

Зерттеушілердің пайымдауынша, 4 миллиард жыл бұрын Венера Жер шарындай болған. Олар мұнда атмосфера, теңіз және өсімдіктер болған деген пікір айтуда. Алайда планетада ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тіршілік иесі жойылып кеткен.

Жердің орташа жасы 4,5 миллиард жыл болғанын ескерсек, ғалымдар Жер 500 миллион жылдан кейін толықтай жансыз шөлге айналатынын болжайды.

Сонымен қатар Хокинг зиянды шығарындылар деңгейін төмендетуге бағытталған халықаралық келісімдерді атады.

Физик АҚШ президентіне климатқа байланысты Париж келісімінен бас тартқаннан соң планетаны «өлім жазасына кесті» деген айып тағып отыр.

Айта кетейік, Стивен Хокинг – Кембридж университетінің бұрынғы профессоры және халықаралық бестселлерге айналған «Уақыттың қысқаша тарихы» атты еңбектің авторы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз