Президент коронавирус ауруы індетіне қатысты жалған статистика беретін аймақтарды атады.
«Бірқатар облыста коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларын жасыру фактілері анықталды. Әңгіме Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар туралы болып отыр. Бұл
қауіпті құбылыс, өйткені ол жағдай туралы нақты түсінікті бұрмалайды, сонымен қатар бүкіл ел көлемінде коронавируспен күресу стратегиясын бұзады»,
— деді президент.
Президент атаған бірнеше облыстың шенеуніктері сынға жауап берді.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шағымдардың орынды екенін мойындады. Статистиканы төмендету орын алды, бірақ біраз уақыт бұрын (қазан айының басында). Қазір барлық деректер нақты беріледі.
«Қазан айының екінші жартысында біз ошақтарды оқшаулау орталығын іске қостық. Онда облыстың барлық зертханасынан аудандар мен қалалар бойынша COVID-19-ды анықтау үшін тапсырылған және вирустың бар екенін растаған ПТР тестілер, пациенттер туралы мәлімет келіп түседі.
Одан әрі оларды тұрғылықты жері бойынша жергілікті полиция, денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары оқшаулайды, бақылау және тексеру үшін әр пациентпен араласақан адамдар анықталады. Қазіргі уақытта ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер мен олармен байланыста болғандар бақылауда», —деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Айтпақшы, coronavirus2020.kz сайтының мәліметтері бойынша аймақта қазан айының бірінші жартысында вирус жұқтырғандар саны, шынымен аз болды – күніне 11-20 жағдай. Бірақ бүкіл ел бойынша қарағанда бұл маңызды нәтиже болды, өйткені сол кезде Қазақстанда күніне 60-100 жағдай тіркелген еді.
Ресми статистикаға сәйкес, облыста коронавирус ауруының күрт өсуі 28 қазанда басталды. Ол кезде 139 жаңа жағдай анықталды, бір күн бұрын 24 жағдай ғана тіркелген еді. 29 қазанда олардың саны 205-ті құрады, сол сәттен бастап 20 күн ішінде тек екі рет 200-ден төмен болды (3 және 15 қараша – 197).
7 қарашада 353 жағдай анықталып, ауру бойынша рекорд орнатылды.
Шығыс Қазақстан облысында барлығы 14 156 адамның COVID-19 жұқтырғаны ресми тіркелген. Оның 45%-ға жуығы екі қалаға: Семей мен Өскеменге тиесілі. Сондай-ақ, аймақта пневмонияны жұқтырудың 1 200-ден астам жағдайы тіркелген.
Өңірдің бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев нақты статистиканы жасырғанын жоққа шығарады. Ол қазан айында есепке алынған және ескерілмеген жағдайлар бойынша «шамалы сәйкессіздік» болғанын айтты. Алайда, бұл ПТР тестілері екі-үш күн ішінде дайындалатындығына байланысты.
«Қазан айында есепке алынған және есепке алынбаған жағдайлар бойынша ПТР-зертханалар және МСАК мәліметерінде шамалы айырмашылық болды. Біз 50-ге жуық жағдайды анықтадық, олар статистикада ескерілмеген. Бірақ барлық эпидемияға қарсы іс-шара уақтылы жүргізілді, бірден байланыс шеңберлері орнатылды.
Қазір бұл сәйкессіздіктердің барлығы ескерілді, олар жалпы статистикаға енгізілді. Бүгінгі таңда COVID-19 анықталған пациенттерді есепке алу және тіркеу жолға қойылған», —деп түсіндірді Әлиев.
Қазақстандық компаниялардың жер қойнауын пайдалануына берілетін жеңілдік не үшін алынып тасталды?
Қазан айында Павлодар облысында COVID-19 жұқтырған 341 жаңа адам ресми түрде тіркелді. Қараша айында олардың саны 873 адамды құрады. Екінші толқынның шыңы 5 қарашада болды (68 жағдай). Алайда, 17 қарашадағы деңгей төмен емес – 61. Өңірде барлығы 5 144 жұқтыру оқиғасы тіркелген. Яғни, аймақта тіркелген инфекция жұқтырғандардың жалпы санының 17%-ы қараша айында анықталған.
СҚО-да сәйкессіздіктер бар деп жауап берді. Бірақ бұл аймақта 300-ден астам сырттан келген фактінің тіркелуіне байланысты болуы мүмкін. Ауырғандардың арасында басқа аймақтар мен елдердің тұрғыны бар. Бұл жағдайлар да СҚО бойынша жалпы статистикаға енгізілген.
«Солтүстік Қазақстан облысында вирус жұқтыру бойынша республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі тіркелді, бұл сырқаттанғандарды анықтаудың жоғары деңгейін көрсетеді. Айырмашылықтар бар екені рас. Статистиканы өңдеу кезінде қате жіберілуі мүмкін. Сондықтан президент бұл мәселені шешуді тапсырды.
Медициналық статистиканы бағалау мен талдауды қалыптастырудың кешенді тәсілдері қажет. Жұмыс жүргізіліп жатыр, мән-жайын анықтаймыз», — деді Петропавл қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.
Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймақтан тікелей «қызыл» аймаққа өтті. Соңғы бес күнде аймақтағы жаңа жағдайлардың саны 50-ден төмен емес, ал 17 қарашада олардың саны 74-ті құрады. Бұл ең көбі 25 шілдеден, яғни төрт айдан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. СҚО-да COVID-19 жұқтырудың 5 181 жағдайы тіркелді. Оның 713-і (немесе 13,8%) 1-17 қараша аралығында анықталды.