2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандық өндірушілерге берілетін шартты жеңілдік жойылады. Ол жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы барысында қолданылып келген. Бұл жеңілдік қазақстандық компанияларға өз деңгейін сақтауға және ақша табуға мүмкіндік берген еді.
Жеңілдік механизмі және оны қолдану мерзімі түсінікті. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске ол 2017 жылдың желтоқсан айында енгізілді. 278-баптың 29-тармағында:
«2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың осы Кодекске сәйкес бекітілген тәртібіне сәйкес тауарларды сатып алу жүзеге асырылған кезде конкурсты ұйымдастырушы жеңімпазды айқындау процесінде конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын жиырма пайызға шартты түрде азайтады» делінген.
жеңілдік білікті қызметкерлердің кемінде 75%-ы Қазақстан азаматтары болып табылатын қазақстандық компанияларға берілді деп атап өтті.
Өтпелі кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтарға дейін) қазақстандық компанияларға озық технологияларды тарту, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндірісін игеру көзделді.
Кодекс кері күшке ие болды. Яғни кодекс күшіне енгенге дейін және одан кейін келісім жасаған компаниялар да пайда көрді.
Алдымен тапсырыс берушілер туралы айтайық. 2019 жылдың жазында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев атап өткендей,
Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға 132 лицензия берілді
Олардың ішіндегі ең ірілерін атап өтсек:
Енді мердігерлер туралы бір ауыз айтайық. «Ақ жол» фракциясының депутаттары 11 қарашада ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында сараптамалық бағалауды атап өтті: Оларға сәйкес
58 мыңнан астам қазақстандық өнім беруші жер қойнауын пайдалану саласындағы сатып алулардан шеттетіледі
«Тикмилл» халықаралық брокерлік тобының сарапшысы Арман Бейсембаев 365info-ға берген түсініктемесінде маңызды мәселеге тоқталды. Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушыларға қатысы бар адамдардың барлығы дерлік зардап шегеді.
— Бұл тізбек бойынша экономиканың барлық саласына әсер етеді. Ерте ме, кеш пе көп немесе аз дәрежеде жеңілдіктің күшін жою және оның салдары өндірушілердің (қазақстандық) жер қойнауын пайдалану саласынан ығысуына себеп болады.
Қолда бар өнеркәсіптің барлығы, атап айтқанда жер қойнауын пайдалану Қазақстан экономикасының негізгі секторымен байланысты екенін түсіну керек
– деді экономист.
Егер жеңілдіктер мен преференциялар шексіз ұзартылса, олардың әсерінен нарық деформацияланады
Бұл қарабайыр ой. Мысалы, нарық құрылымын өзгерткен жеңілдетілген автонесиелеу мемлекеттік бағдарламасын еске алуға болады.
Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушіге автомобиль құрастыру сапасын арттырудың қажеті жоқ,
себебі сатылымның өсуі көбінесе Қазақстан Даму Банкінің келесі траншты ұсыну алгоритміне байланысты.
«Тикмилл» халықаралық брокерлік тобының сарапшысы отандық бизнесті экономиканың қалыптасу кезеңінде ғана жақсы нәтиже береді дейді. Ия, бұл 90-шы және 2000-шы жылдардың басында өзекті еді, бірақ:
— Бұл тәжірибені жалғастыру идеясы қаншалықты қызықты болса да, шын мәнінде, ол қолдау көрсететін өндірушілерді қолайлы жағдайға үйренуіне себеп болады. Бұл олардың бәсекелестікке деген ынтасын жояды, соның салдарынан өнім сапасын арттыруға және оның өзіндік құнын төмендетуге ұмтылады, – деп келіседі Бейсембаев.
Сондықтан ИИДМ қазақстандық компаниялар озық технологияларды тартып, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндірісін игереді деген үміті, шамасы, үміт болып қала береді.
Сондай-ақ, экономист қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілетсіздігінен қауіптенеді. Бейсембаевтың пікірінше, қазір осы жеңілдіктердің күшін жою салдарынан көтерілген дау (ал бұл Қазақстанныі ДСҰ-ға кіру шеңберінде орындауға тиіс шарттарының бірі) бәсекелестікке қабілетсіздік фактісін мойындағандықтан туындады.
– Жеңілдіктерді, субсидияларды және басқаларды жою – нашақорды инеден бас тартуға итермелеу сияқты. Демек, экономикалық организм бұл сынаққа төтеп бере алмайды деген қорқыныш бар, – деп атап өтті экономист.
«Тикмилл» халықаралық брокерлік тобының сарапшысы қазақстандық компаниялардың «шетелдік компаниялар тарапынан бәсекелестікке» төтеп бере алмайтынына және «олардың басым бөлігі нарықтан кететініне» сенімді.
— Екінші жағынан, мемлекет бейтараптықты сақтап, еркін нарық заңдарына сүйене отырып
ерте ме, кеш пе, кетіп қалған компаниялардың орнына жаңа отандық кәсіпкерлер келеді,
олар қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге дайын болады, –деді Бейсембаев.