2020 жылдың 10 айында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2019 жылмен салыстырғанда төмен болды. Мұндай жағдай соңғы 4 жылда болмаған еді.
Қазақстан үшін өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы – сирек құбылыс. 2017-2019 жылдары бұл тек бір рет болды (2018 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 2019 мамыр айында – 98,4% болды). Соңғы рет
2015 жылдың екінші жартысында өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда қатарынан 5 ай бойы ӨӨИ төмендегені байқалды
Ол кезде бұл теңгенің құбылмалы бағамғаа көшуінің аясында болды.
Ұзаққа созылған құлдырау 10 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің шығынға ұшырауына әкелді. 2020 жылғы қаңтар-қазан нәтижелері бойынша өнеркәсіп өндірісінің индексі 99,4-ды құрады. Яғни, теріс динамика жекелеген айлардың қорытындысы бойынша ғана емес, жалпы жыл бойынша да байқалады. 2016 жылғы желтоқсаннан бері мұндай жағдай болған жоқ – ол кезде ӨӨИ 98,9%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі 6 өңірде байқалады. Ең жоғарысы – Қызылорда облысында. Өндірілетін мұнай көлемінің төмендеуіне байланысты ӨӨИ бар-жоғы 87,7%-ды құрады.
Басқа мұнайлы өңірлердің – Атырау (96,4%) және Маңғыстау (92,5%) облыстарының көрсеткіші де айтарлықтай төмендеді. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан (97,3%) және Түркістан (99,7%) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (97%) де төмендеу байқалады.
Қытайға біздің мұнай керек емес, оны енді Грекия сатып алып жатыр: экспорт динамикасы
Қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары өсімін Қостанай облысы көрсетті. Темір кені концентраттарын өндіру және ұн, шыбықтар мен өзектер, сондай-ақ автомобильдер өндірісінің өсуі есебінен ӨӨИ 6,9%-ға өсті.
Ақмола облысының көрсеткіші біршама төмен (6,3%) болып шықты. Өңір мыс және құрамында алтын бар концентраттарды көп өндіре бастады, сондай-ақ портландцемент, алтын, тракторлар мен астық жинайтын комбайндар өндірісін ұлғайтты.
Салалардың ішінде тау-кен өнеркәсібі қатты құлдырады – мұнда өнеркәсіп өндірісінің индексі 96,9%-ды құрады. Бұл негізінен шикі мұнай өндірудің (95,7%) және қызмет көрсету көлемінің (94,3%) төмендеуіне байланысты болды.
Өндіріс көлемі артқан жалғыз сала – темір кенін өндіру. Бірақ өсімді айтарлықтай жоғары деп айту қиын, ол небәрі 1%-ға артты.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс жалпы 3,2%-ға көтерілді. Атап айтқанда:
АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижелері Қазақстанға қалай әсер етеді?
Бірақ кейбір өндіріс салаларының көрсеткіші құлдырап кетті. Олар:
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда өнеркәсіптік өндіріс индексі 100,9%-ды құрады. Бұл негізінен өндіріс көлемін және газ тәрізді отынды құбырлар арқылы тарату көлемін 14,9%-ға арттыру есебінен болды, оған өңірлерді газдандыру әсер етеді.
Ал 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және ластануды жою бойынша қызметтегі өнеркәсіп өндірісінің индексі 96,4%-ды құрады.