Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымының екі өтініші де қанағаттандырылмаған

Астана қалалық Есіл ауданының соты Анар Мешімбаеваны жеті жылға қамау туралы үкім шығарған. 2014 жылдан бері Анар Мешімбаева түзету колониясында өзін тек жақсы қырынан көрсетіп, тіпті, төрт рет марапатталған екен.

– Мекеме әкімшілігі Мешімбаеваның атынан 2016 жылдың 13 мамыры мен 29 мамырында сотқа шартты түрде ерте босату туралы материал жіберді. Бірақ, Алматы облысы Іле ауданының соты шартты түрде ерте босату туралы өтінішті қанағаттандырған жоқ,-делінген «ҚазАқпаратқа» жіберілген жауапта.

Ресми жауаптан білгеніміз, Анар Мешімбаева Алматы облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/4 мекемесіне 2014 жылдың 24 мамырында жеткізілген екен. ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 116-бабына сәйкес, мекеменің комиссиясы 2014 жылдың 2 желтоқсанынан бері Мешімбаеваға қатысты қамау шартын жеңілдеткен.

2016 жылдың сәуірінен бері ол колонияның тәрбие отрядына старшина болып жүр екен.

«Ол мекеменің ауласын абаттандыру жұмысына, отрядтың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсарту жұмыстарына өз еркімен қатысады. Әртүрлі қоғамдық жұмыстарды да атқарады. Мәдени шараларды ұйымдастыруға ат салысады. Колониядағы тәртіп пен жазасын өтеп жатқан қазіргі жағдайға шағым айтпайды. Колонияның ішкі тәртіптерін сақтайды», делінген арнайы хатта.

Анар Мешімбаева Алматы облысы Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 қамау мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз