Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) AIBA (халықаралық әуесқой бокс федерациясы) президенттігіне үміткер болып отырған Серік Қонақбаевтың шағымын қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
«Спорттық арбитраждық сот Қонақбаевтың шағымын қанағаттандырды және АІВА-ға оны президентке кандидаттар тізіміне қосуға міндеттеді.
Сот сайлау комиссиясы Қонақбаевты жақтап бірқатар ұлттық бокс федерациялары ұсынған өтінімдерді заңсыз қабылдамаған деп есептейді.
Дауыс беру 3 қарашада Мәскеуде өтетін АІВА конгресінде жүргізіледі», – деді федерациясы баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, Серік Қонақбаев АІВА президенті болуы мүмкін екендігін жазған болатынбыз.