Британдық дизайнер Райан Ясин балаларға арналған өзгеше киім ойлап тапты. Оның тіккен киімдері баламен бірге өсіп отырады.
Бұл туралы Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап, “Хабар-24″ телеарнасы хабарлады.
Мұндай киімді тігу үшін дизайнер ерекше матаны қолданады. Бұл мата баланың өсуіне қарай ені мен ұзындығы бойынша созылып отырады. Және арнайы матадан тігілген киім автоматты машинада да жууға төзімді және қайтадан тігуге де қолайлы.