Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Сөзімді бұра тартпаңыздар!”. Мұртаза Бұлытай Димашқа қатысты сынына түсінік берді

166

Бұл туралы дінтанушы өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«Бүгінге дейін қытайдың киімін кидік, заттарын тұтындық, бірақ Қытай санамызға кіре алмаған болатын. Біздің Қытайға деген көзқарасымыз „базарды солардың өнімдері жаулап алған, бүкіл әлемді Қытай асырап жатыр„ деген қарабайыр түсінік деңгейінде болатын. Ал Қытай сыртымызда жүрсе де ішімізге кіре алмаған болатын.

Ал енді санамызға, ақылымызға, сезімімізге, менталитетімізге, психологиямызға осындай тележобалар Қытайдың телеканалдарын әрбір қазақтың үйіне кіргізіп берді.

Айналымнан айналымға дүйім жұрт осы тележобаны аңдумен, асыға күтумен, қараумен өтетін болды. Ал өзіңіз білесіз, осы телевизор, қазіргі интернет ақпаратты тасымалдаудың, сананы жаулаудың ең басты құралы. Қазір Қытайға деген көзқарас өзгеріп барады, бұрынғы секемшілдіктен, сескенуден гөрі қазір тек оң баға беріп, өзеурете қарайтындар пайда болып жатыр, осыны айтып отырмын.

Өнер де, спорт та, дін де тікелей немесе жанама түрде кейбір ықпалдарды тасымалдау үшін қолдануға қолайлы құралдар, лезде пәленбай миллион адамның назарын аударта алатын күш потенциалы ғажап феномендер.

Менің айтып отырғаным осы қыры ғана, басқа жаққа тартпаңыздар, бұрмаламаңыздар, дұрыс түсініңіздер құрметті халайық…».

Естеріңізге сала кетсек, Мұртаза Бұлытай бұған дейін де осы тақырыпта жазба жариялаған. Ондағы дәйекке сүйенсек, Қытай Димашты жеңімпаз ретінде мойындап, оны көп болып насихаттауының астарында Қазақстанға жағыну саясаты жатқан көрінеді. Өйткені көп инвестиция бөлген Қытай  Қазақстанды игеруде жақсы көрінуге мүдделі секілді. Бұл пікірді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев  елеусіз қалдыра алмады.

Қанат Айтбаев Димашты Қытай арнайы алдыртпағанын, Қазақстан да өз атынан ұсыныс тастамағанын, бұған өздері өз бетімен барып, жарты жылды сарп етіп жүріп, осы байқауға қатысу мүмкіндігін жеңіп алғанын айтады. Бұл ешқандай саяси жоба еместігін айтқан Димаштың әкесі әр нәрседен осылайша саяси астар іздеп, тіміскіленіп, тіксіне берсек, елден шыға алмай қалатын мешел қалыпқа түсетінімізді ескерткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз