Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Созақ ауданында көкпар тартып, ат құлағында ойнайтын үш балалы ана бар

430

Шабандоз келіншек неліктен бұл күрделі әрі әйел затына тән емес кәсіппен айналысатынын айтып берді деп жазады NUR.KZ.

1971 жылы Түркістан облысы Созақ Созақ ауылында дүниеге келген Адолат үш жасынан бастап атқа мінуге құлық танытып, әкесінің арқасында жылқы малының қыр-сырын меңгеріп алыпты.

Келіншектің айтуынша, ол бес жасында мал қайыра алатын дәрежеге жеткен. Ат құлағында ойнауды жастайынан меңгерген Адолат осы уақыттан бастап көкпар тартып, қыз қуу секілді ұлттық ойындардың жілігін шағып, майын ішетін дәрежеге жетіпті.

Адолаттың айтуынша, оның анасы да кезінде көкпардың майталманы атанған өнерлі адам болған екен.

Анам да тап қазіргі мен секілді көкпар болса көкпарға, қыз қуу болса қыз қууға шыға салатын жан еді. Әкем жоқта атқа мініп, жоқ қарап, жылқы қайыра салу ол кісі үшін үйреншікті шаруа болып саналатын”, – дейді келіншек.

Адолат 13 жасында аудан бойынша өткен бәйге додасында бірінші орын алып келгенін еске алды.

Айтуынша, оның қанжығасына байланған жеңіс тек мұнымен шектелмейді. Ол көптеген жарыстарға қатысып, нәзік жандылардың ерлерден еш кем түспейтінін дәлелдеп шыққан.

Ал қыз қууға ол 15 жасынан бастап қатыса бастаған.

Адолаттың жасы қырыққа жақындаса да, ол әлі де қыз қуу ойынына қатысады екен. Ал күйеуі жұбайының мұндай өнеріне құрметпен қарап, еш кедергі болмайтын көрінеді. Керісінше, ол атын дайындап, әйеліне көмек көрсетеді екен.

Бүгінде үш баланың анасы ауылда өтетін кішігірім көкпарларда ел көзіне түсіп жүр.

“Ондай көкпарға күйеуім де қатысады. Екеуміз бір команда сапында ойнап, талай серкені ауылға әкелдік қой”, – дейді келіншек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз